ТҮРКІСТАН: Жетісайда тағы бір елді мекен газдандырылды

0
114

1220 тұрғын табиғи отынды ешбір қиындықсыз тұтынатын болады.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда тағы бір елді мекен газдандырылды

Жетісайда мереке қарсаңында тағы бір елді мекен газдандырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы жеңістің 80 жылдығы аясында Жетісай ауданында «көгілдір отынды» тұтынушы елді мекендердің саны тағы біреуге артты.


Мырзашөл елді мекені тұрғындарының қуаныштарын бөлісуге аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов қатысты.


2023-2024 жылдарға республикалық бюджеттен қаралған жалпы сметалық құны 204 857 мың теңгені құрайтын Мырзашөл елді мекеніндегі құрылыс жұмыстарын «Exclusive Story Corporation» ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. Ендігі кезекте ұзындығы 9,062 шақырымды құрайтын газ құбырынан 1220 тұрғын табиғи отынды ешбір қиындықсыз тұтынатын болады.


Айта кетейік, 105 елді мекені бар ауданның 86-сы, яғни, 81,9 пайызы табиғи газға қосылған. Бүгінде 5 елді мекеннің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, тағы 4 елді елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінсе, 10 елді мекеннің жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.


Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес ауданда жыл басынан бері Қызылқұм ауылдық округінің Түркебай, Жалпаққұм, Алғабас, Ақтөбе, Қосқұдық, Мақталы елді мекендері, Абай ауылдық округінің Халықтар достығы елді мекені, Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Күрішті және Жаңа ауыл ауылдық округінің Әбдіхалық елді мекендері көгілдір отынға қосылса, жыл соңына дейін тағы Жаңа ауыл ауылдық округінің Жаңа ауыл, Қарой, Атақоныс елді мекендеріне, Ж.Ералиев ауылдық округінің Жетіқазына, Бәйтерек, Сейфуллин елді мекендеріне, Мақталы ауылдық округінің Дархан, Сарқырама, Мақталы, Алмалы, Жібек жолы, Темір жол елді мекендеріне, Қызылқұм ауылдық округінің Датқа, Көбек, Киров және 1-мамыр елді мекендеріне табиғи отын беріледі деп жоспарлануда.

Бөлісу