ТҮРКІСТАН: Жетісайда заңсыз салынған нысан бұзылды

0
428

Сатыбалды заңсыз салынған нысандарды анықтау, реттеу және бұзу бойынша тапсырма берген.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда заңсыз салынған нысан бұзылды

Жетісай қаласында заңсыз салынған «Сырдария Арбат» нысаны жауапкер есебінен толық бұзылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды заңсыз салынған нысандарды анықтау, реттеу және бұзу бойынша берген тапсырмасы аясында Бақылау жөніндегі басқармасы тарапынан заңсыз құрылыс нысандарын анықтау жұмыстары қарқынды жалғасуда.


Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасының талап арызы негізінде Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 17 қазандағы шешімімен Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Л.Мұсабаев көшесі бойында орналасқан «Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі заңсыз салынған «Сырдария Арбат» нысаны жауапкер есебінен толық бұзылды. Аталған нысанның ені – 6,0 метр, ұзындығы – 29,7 метр. Ал жалпы ауданы 178,2 шаршы метрді құрайды.