ТҮРКІСТАН: Жетісайда жаңа медициналық орталық ашылады

0
125

130 жоғары санатты дәрігер тұрақты жұмыспен қамтылған.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда жаңа медициналық орталық ашылады

Жетісай ауданында биыл заманауи теннис орталығы ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданында жеке кәсіпкердің инвестициялық қаржысы есебінен ірі медициналық орталық бой көтерді. Асықата кентінде бой көтеріп жатқан «Samruk Medical clinic» - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, азаматтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған мекеме. Онда жергілікті халыққа соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, сапалы медициналық қызмет алуларына барлық жағдайлар жасалған. Сапалы медициналық қызмет көрсететін орталықтың бүгінгі тынысымен танысу үшін Түркістан облысының БАҚ өкілдері арнайы барып, нысанмен танысты.


Ғимарат құрылысы 2024 жылдың мамыр айында басталған. Онда әртүрлі бағыттағы 130 жоғары санатты дәрігер тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, күрделі оталардың кез-келген түрін жасау мүмкіндігі қарастырылып, балалар мен ересектерге арналған екпе бөлмелері мен зертханалар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеделсаты жұмыс істейді. Жергілікті және облыстық деңгейдегі ауруханаларға тасымалдайтын заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған жедел жәрдем көліктері де бар. Бүгінде қолданысқа дайын орталықтың күндізгі стационарында 10, тәуліктік стационарында 40, терапия бөлімінде 20, ал, травматология бөлімінде 10 төсек орын қарастырылған.


Сондай-ақ, журналистер Асықата елді мекенінде жеке инвестор есебінен бой көтеріп жатқан заманауи теннис орталығының құрылыс жұмыстармыен танысты. «SPORT ASSET MANAGEMENT» қоғамдық бірлестігі қолға алған нысан 1 гектар аумақты алып жатыр. Құны 1 млрд теңгені құрайтын теннис орталығында бір мезетте 200-ге тарта адам жаттыға алады. Жаттығушыларға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 2 жаттығу залының біріне 9 теннис үстелі, екіншісіне 3 күрес кілемі, бокс рингі, жаттығу жабдықтары бар. Өткен жылы қазығы қағылған кешен биыл қолданысқа берілмек. Ауданда алғаш рет салынып отырған орталық пайдалануға берілген соң республикалық, халықаралық байрақты бәсекелерді өткізу мүмкіндігі туады.

Бөлісу