ТҮРКІСТАН: Жойқын жел әкімдіктің шатырын ұшырып кетті (видео)

0
2 441

Шатыр екі жыл бұрын күрделі жөндеуден өтіп, толығымен жаңаланған.


ТҮРКІСТАН: Жойқын жел әкімдіктің шатырын ұшырып кетті (видео)
Түркістан облысында жойқын желдің салдарынан әкімдіктің шатыры ұшып кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Оқиға кеше сағат 17:00 шамасында орын алған. Секундына 20-25 метр жылдамдықпен соққан желдің салдарынан Шардара қаласы әкімдігінің шатыры ұшқан. Оқиға барысын қала тұрғындар ұялы телефонға түсіріп алған. Куәгерлердің айтуынша адам шығыны жоқ, ешкімнің денсаулығына зиян келмеген.

Осыдан екі жыл бұрын күрделі жөндеуден өтіп, толығымен жаңаланған қала әкімдігінің шатырын қалпына келтіру жұмыстары бүгінде қарқынды жүргізіліп жатыр.