ТҮРКІСТАН: Жұқпалы аурулар ауруханасында 930 орын бар

0
815

COVID-19-дың тәуліктік өсімі 0,20% құрайды.


ТҮРКІСТАН: Жұқпалы аурулар ауруханасында 930 орын бар

Түркістан облысында 31 адамда COVID-19 індеті анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында соңғы тәулікте 31 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,20% құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 1 088 296 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 626–і бос. Жалпы, пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 084 жағдай тіркелді. Олардың 7588-де ауру симптомсыз өткен болатын.


Түркістан облысы «жасыл аймақта» тұр. Түркістан облысында 972709 адам екпе қабылдады. Өңірде өз еркімен соңғы тәулікте 327 адам вакцина қабылдаған. Облыста екінші компонентпен 876999 адам вакцина алды.


Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac, CoronoVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.