Түркістанда 1 тонна палау мен 1 тонна бауырсақ тегін таратылды

0
2 817

Сонымен қатар, ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.


Түркістанда 1 тонна палау мен 1 тонна бауырсақ тегін таратылды

көрнекілік сурет: ашық дереккөзден

Түркістан қаласында алғаш рет өткен «AGROFEST-2018» ауыл шаруашылығы фестивалінде қонақтар мен тұрғындарға 1 тонна бауырсақ пен 1 тонна палау таратылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Фестиваль аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, онда 182 тонна табиғи таза өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан бағада саудаланды. Қонақтар үшін 1 тонна палау мен 1 тонна бауырсақ дайындалып, көпшілікке тегін таратылды.

Сондай-ақ фестивальда ауыл шаруашылығы саласында белсенділік танытып, үздік көрсеткішке қол жеткізген аудан, қалалар және жеке шаруалар ҚР Премьер-Министрдің орынбасары ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Естайұлының және облыс әкімінің медальдары мен арнайы сертификатына ие болды. Өңір шаруалары «Озат астық жинаушы», «Озат мал бордақылаушы», «Озат бақша өсіруші» сынды 21 номинация бойынша марапатталды. Одан бөлек, аудан - қалалар арасында 16 бағыт бойынша үздіктер анықталды.

Сондай-ақ, шара барысында көрме ұйымдастырылып, онда ауыл шаруашылығы өнімдері, асыл тұқымды төрт түлік малдың түрлері мен озық техникалар ұсынылды.