Түркістанда 10 мыңнан астам ағаш отырғызылды

0
2 085

12000 дана ағаш егуді жоспарлаған.


Түркістанда 10 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы жауапты мамандармен бірге құрылысы жүріп жатқан біршама нысанды аралады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Соның бірі – жалпы аумағы 27,8 гектарды құрайтын қалалық саябақ (Дендро саябақ) құрылысы. Аталған демалыс орны Әкімшілік-іскерлік орталықта салынып жатыр. Саябақ ішінде жасыл аймақты қалыптастыру мақсатында 12000 дана ағаш егуі жоспарланса, қазірді оның 10 мыңнан астамы отырғызылған. Одан өзге, гүлдер, көгал, аяқжол тақтайшалары, орындық, қоқыс жәшіктері, асфальт, жарықшам мен суару жүйелері аяқталуға шақтаған. Мұнда 170 жұмысшы мен 20 техника жұмылдырылып, кестеге сәйкес жұмысты жалғастырып жатыр. Рашид Абатұлы қала үшін және шаhарды жасыл қалаға айналдыру үшін көгал мен ағаш егу жұмыстарына ерекше назар аударып, жиі күтім жасауды тапсырды.

Одан өзге, «Керуен сарай» кешені аумағында іске асып жатқан инфрақұрылым жұмыстарын бақылау барысында мердігер мекемеге жұмысты ширатуды тапсырды. Атап айтқанда, 50 гектар аумаққа абаттандыру мен инженерлік инфрақұрылым салу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, жаңадан ашылған көшелерді асфальттеу, су мен кәріз жүйесі, электрмен жабдықтау жұмыстары қатар жүргізілуде. Жалпы, мұнда 100-ден астам жұмысшы мен 20-дан аса техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, «Түркі бағы» саябағын абаттандырып, ескірген дүниелерді жаңарту жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр.