Түркістанда азаматтық форум аясында пленарлық секция өтті

0
1 749

Түркістан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған форум аясында «Үкіметтік емес ұйымның ұйымдық дамуы» және «Жастар ұйымдарының азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі. Еріктілер қозғалысын дамыту» тақырыптарында 2 пленарлық секция өтті.


Түркістанда азаматтық форум аясында пленарлық секция өтті

Түркістан қаласында үкіметтік емес ұйымдардың облыстық VIII Азаматтық форумы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынды «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің төрағасы Шәріпбек Жамалбек, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Асылбек Қожахметов, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті Дос Көшім және Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев ашып берді.

Екі жылда бір рет өткізілетін аталмыш форум — қоғамдық ұйымдар мен билік өкілдерінің арасындағы өзара ынтымақтастық пен іс-қимыл жүргізу үшін құрылған сұхбат алаңы. Түркістан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған форум аясында «Үкіметтік емес ұйымның ұйымдық дамуы» және «Жастар ұйымдарының азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі. Еріктілер қозғалысын дамыту» тақырыптарында 2 пленарлық секция өтті.

Дәстүрлі шара мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы қоғамның Үкіметтік емес секторы мен мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. «Қасиет» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлсім Андабаева мен «Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрмет Керімбеков пленарлық секцияның тізгіншісі ретінде жиынға келген үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің мүшелерімен бірге өз ой-пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салды.
Сондай-ақ, жиында Түркістан облысы әкімдігіне қарасты басқармалардың өкілдері мемлекет тарапынан жасалынып жатқан әлеуметтік жобалардың сипаттамасына, оның жастарға тиімділігіне тоқталды. Жастар болашағына бей-жай қарамайтын қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар спикерлерге «Жастар ұйымдарымен қандай әріптестік байланыстар бар? Аталмыш ұйымға қандай ұсыныс беріледі? Форум барысында нендей пікірлер айтылмақ?» сынды бірқатар сауалдарға жауап алды.
Пленарлық секция барысында айтылған ұсыныстар хаттамаға жазылып, тиісті орындарға жолданады.