Түркістанда байдарка мен каноэде есуден Қазақстан чемпионаты өтті

0
98

Бұл жарыс 8-10 мамыр аралығында Қытайдың Наньчан қаласында өтетін Азия чемпионатына іріктеу болып саналады.


Түркістанда байдарка мен каноэде есуден Қазақстан чемпионаты өтті

Түркістандағы ел чемпионатында су айдынының иелері ешкімге дес бермеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2-6 сәуір аралығында Түркістан қаласындағы олимпиадалық стандартты ескек есу каналында байдарка мен каноэде есуден ересектер арасында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өтті. Бұл жарыс 8-10 мамыр аралығында Қытайдың Наньчан қаласында өтетін Азия чемпионатына іріктеу болып саналады.


Жарысқа еліміздің 11 облысынан ең мықты ескекшілер қатысты. Түркістан облысының намысын 18 спортшы қорғады. Сайыс қорытындысы бойынша облысымыздың ескекшілері 35 медаль жеңіп алды. Оның ішінде қоржынға 17 алтын, 9 күміс және 9 қола медаль түсті.


Осы чемпионатта байдаркадан әйелдер арасында Су спорты түрлерінен Түркістан облыстық жасөспірімдер мен спорт мектебінің спортшысыОльга Шмелева абсолютті чемпион атанды. Ол 1000, 500 және 200 метр қашықтықта 7 алтын медаль жеңіп алды.


Ерлер арасында жекелейжәне екілік байдаркада 500 метр қашықтықта Бекарыс Раматулла екі алтын медаль еншіледі. Екілік байдаркада және төрттікте(микс) екі алтын жүлдеге Артем Терещенко қол жеткізді.Әйелдер арасында төрттік байдаркада екі алтын медальға Альбина Халикова менТатьяна Гладкова ие болды. Ал екілік каноэде1000 метр қашықтықта және жекелей каноэде200 метр қашықтықта екі алтын жүлдені Ульяна Киселева олжалады. Ерлер арасындаПолат Туребеков 2 алтын жүлдені қанжығасына байлады.


Қытайда өтетін Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында облысымыздан Ольга Шмелева,Бекарыс Раматулла, Артём Терещенко, Полат Туребеков және Ульяна Киселева бақ сынайды.


Бейресми командалық есепте Түркістан облысының командасы 1-орынды сенімді түрде жеңіп алды. Шымкент қаласының командасы екінші, Қарағанды облысының командасы үшінші орынды еншіледі.

Бөлісу