Табысты кәсіпкерлер жас кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді.
Түркістанда «Жас кәсіпкер» жобасының тыңдаушылары өңірдің табысты кәсіпкерлерімен «Basta» алаңында бас қосты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Форумға қатысушылар өздерінің қателіктерімен және табыс жолдарымен бөліскен нақты кәсіпкерлермен танысты, сонымен қатар сұрақтарға жауап берді.
Кездесуді ашқан шараның модераторы, облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Берік Кенжебаев өңірде бизнеске қызығушылық танытатын белсенді жастар көп екенін, сондықтан оларды қолдау қажет екенін атап өтті.
«Өздеріңіз білетіндей, биылғы жыл «Жастар жылы» болып жарияланды, «Атамекен» осы бағытта көптеген жобаларды жүзеге асыруда, олардың бірі - «Жас Кәсіпкер» бағдарламасы. Бағдарлама бойынша облыста 1596 түлек білім алды. Мұндай жобалар жастардың кәсіпқойлығын арттыруға, бизнес ашуға және ел экономикасына лайықты үлес қосуға септігін тигізетініне сенімдімін », - деді Берік Кенжебаев.
Спикерлер қатарында «Шабыт» шеберханасының жетекшісі - Гульшарат Жубанова, «Global coffee» кофе-бар желісінің қалаушысы Мақсат Аманмурадов, Жас кәсіпкер, өсімдік-шаруашылығы маманы, жас-ғалым Әбдраман Ерсұлтан, «Шаңырақ» ұлттық тағамдар желісінің қалаушысы, жас кәсіпкер Алипова Ақерке, Chaplins компаниясының жетекшісі -Тоқтар Алимбеков секілді жас болса да өз кәсібін жүргізіп отырған азаматтаржастармен пікір алмасып, қоғаммен байланыс жасау жолы және кәсіби өзін-өзі тану мүмкіндігі және де кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жасалып жатқан несие алу және түрлі бағдарламаларды тиімді пайдалану туралы өздерінің тәжірбиелерімен бөлісті.
«Кәсіпті жұмыстан бос кезде тар жерге тығылып 1тігін машинкасымен ешкімге алақан жаймай, ешқандай кредит алмай ақ өз киімдерімді тігуден бастадым. Қазіргі таңда бас аяғы 60-тан аса адамға азда болса білгенімді үйретіп, жұмыс орын ашып, жерілікті қыз келіншектерді жұмыспен қамтамасыз етіп, мемлекетке салық төлеп отырған кәсіпкерлердің бірімін деп ауыз толтыра айта аламын. Ең бастысы ниетпен талап!», - деді «Шабыт» шеберханасының жетекшісі Гүлшарат Жұбаева.