​Түркістанда елдің дамуына үлес қосуға арналған келелі басқосу өтті

0
1 222

Кездесуде «Дамыған елдер қайсы?»,«Даму деген?» сынды бірнеше сұрақтарға жауап іздеу жолында тұщымды ойлар айтылып, басқосудың маңызы ашыла түсті.


​Түркістанда елдің дамуына үлес қосуға арналған келелі басқосу өтті

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағыХҚТУ-дің кітапханасындаГарвард университетініңтүлегіШыңғыс Мұқан «Экономиканың күрделілігі: Қазақстан дамыған елдер қатарынақалай ене алады?» тақырыбы аясында өз ойымен бөлісті. Басқосуға аталған оқу ордасының оқытушылары мен студенттері қатысты,деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кездесуде «Дамыған елдер қайсы?»,«Даму деген?» сынды бірнеше сұрақтарға жауап іздеу жолында тұщымды ойлар айтылып, басқосудың маңызы ашыла түсті.

«Дамығанелдердің қатарына енуге әрекет болмайынша әрбір ел бірқалыпта қалып, ол тек мүмкін емес жағдай болып қалады. Сондықтан арманымыз ақиқатқа айналуы үшін экономиканың дамуына барынша ықпал жасалуы керек, Ал,экономиканы біліммен біртұтас ұғым деуге болады. Себебі білімсіздік жайлаған елдің экономикасы дамымайтындығы белгілі.Даму дегеніміз бір күннің немесежылдың көрсеткіші емес. Ол дегеніміз үздіксіз еңбекпен өлшенеді", - деді Шыңғыс Мұқан.

Еркін форматта өткенкездесу соңында әлем елдерінің экономикасынсалыстыра отырып,мемлекетіміздің дамуын жеделдету үшінбілімді ұрпақтың қосар үлесі орасан екенін назардан тыс қалдырмаған Шыңғыс Мұқан студент жастардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.