Түркістанда ғылыми конференция өтті

0
223

Биыл Сағадат Нұрмағанбетовтың туғанына 100 жыл.


Түркістанда ғылыми конференция өтті

Түркістанда ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының Құрметті азаматы Сағадат Нұрмағанбетовтың туғанына 100 жыл. Осыған орай бүгін Түркістанда «Қазақ хандығы тұсындағы идеология: Жауынгерлік рухты дәріптеудегі Қобыланды батыр жырының маңызы» тақырыбында республикалық ғылыми практикалық конференция өтті.


«Фараб» кітапханасында өткен шараға Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысып, қазақ батырларының тарихтағы рөлі туралы ой қозғап, конференция жұмысына сәттілік тіледі.


«Өткен мен келешекті байланыстырып, тарихи сананы жаңғыртуда бүгінгі жиынның маңызы аса зор. Біз қашан да ханын ұлықтап, батырын қадірлеген халықпыз. Сондықтан да олардың еңбегі тарих беттерінде алтын әріптермен жазулы. Міне, осы үрдістің заңды жалғасы ретінде Қобыланды батырдың тұлғасының кеңінен ашу мақсатында алқалы жиын рухани шаһарда өтіп жатыр. Түркістан өңірі – еліміздің киелі де қасиетті мекені. Облыс орталығына айналғанына енді ғана алты жыл толса да, құтты мекеннің тарихы тым әріден басталады. Түркістанның жаңа кезеңге қадам басуы, қайта жаңғыруы тағы бір тынысын ашқандай. Бүгінгі жиында тарихи шаһардың өткені туралы тың мағлұматтар айтылып, батыр бейнесінің қайталанбас қырлары сөз болады деп ойлаймын. Конференция жұмысына сәттілік тілеймін!», – деді басқарма басшысы.