Түркістанда қазақ диаспорасының балаларына арналған олимпиада өтеді

0
647

Мақсат - шет елде тұратын қазақ диаспорасы балаларының тарихи отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.


Түркістанда қазақ диаспорасының балаларына арналған олимпиада өтеді

Қазақ диаспорасының балаларына арналған XIX Халықаралық олимпиадасы 26-маусым мен 1-шілде аралығында Түркістан төрінде өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім». Дәл осындай атаумен қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазақ диаспорасының балаларына арналған XIX Халықаралық олимпиадасы 26-маусым мен 1-шілде аралығында Түркістан төрінде өтеді.


Олимпиадаға алыс және жақын шетелдегі тұратын отандастардың дарынды қазақ балалары 69 оқушы қатысады.


Олимпиадаға Қырғызстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясынан келген отандастарымыздан бөлек, Иран-Ислам және Монғолия Халық Республикасынан оқушылар онлайн қатысады.

Олимпиада мақсаты - шет елде тұратын қазақ диаспорасы балаларының мемлекеттік қолдау білдіру арқылы туған тілін оқып үйренуге, қазақ балаларының туған жеріне, тарихи отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.


Білім сайысының ашылу салтанаты Фараб кітапханасында 09:00-де өтеді.

Бөлісу