Түркістанда халықаралық талапқа сай атшабар ашылады

0
65

Жауапты басқарма басшысы мен мердігерге бірқатар сын-ескертпе айтты.


Түркістанда халықаралық талапқа сай атшабар ашылады

Түркістандағы халықаралық талапқа сай атшабардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда әлеуметтік, туристік, мәдени және спорт нысандары көбейіп келеді. Солардың арасында халықаралық талапқа сай атшабардың құрылысы да қарқынды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров нысанға кезекті рет барып, құрылыс барысын қадағалады. Жауапты басқарма басшысы мен мердігерге бірқатар сын-ескертпе айтты.


– Құрылыс жұмысы негізгі сәулеттік жобадан ауытқымауы керек. Жұмысты жүйелеңіздер. Сапалы материалдарды ғана қолдануды тапсырамын. Айтылған кемшіліктер назарға алынып, құрылыс уақтылы әрі сапалы аяқталуы тиіс, – деді Нұралхан Көшеров.


Ипподромның құрылысын «ВД Строй-инжинеринг» ЖШС жүргізіп жатыр. Бүгінде нысан басында 200-ге жуық жұмысшы, 53 техника жұмысқа тартылған. Электр, су, жылу, кәріз жүйелері жүргізілуде. 1500 жанкүйер сиятын трибуна, 4 қысқы қора, 2 жаздық қора мен манеждің құрылыс жұмыстары аяқталған. Қазір құрал-жабдықтары орнатылуда.


Атшабарда жылқыларды күтіп-ұстайтын орындар, ветеринарлық бекет, жем мен шөп қоймасы, бәйге алаңы мен көкпар ойнайтын алаң бар. Жалпы ат спортын дамытуға барлық жағдай жасалады. Нысан жыл соңына дейін тапсырылады деп жоспарланған.

Бөлісу