Түркістанда Қобыланды батыр ескерткіші ашылды

0
397

Қобыланды Тоқтарбайұлы – XV ғасырда өмір сүрген аты аңызға айналған халық батыры.


Түркістанда Қобыланды батыр ескерткіші ашылды

Түркістанда ғылыми конференция өтіп, Қобыланды батыр ескерткіші ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда «Қазақ хандығы тұсындағы идеология: Жауынгерлік рухты дәріптеудегі Қобыланды батыр жырының маңызы» тақырыбында республикалық ғылыми практикалық конференция өтті.


Жиын барысында конференция қонақтары түрлі тақырыпта баяндама жасап, батырдың ерлігі жайлы сөз қозғады. Профессорлар Шәкір Ыбыраев пен Тынысбек Қоңыратбаев және Досай Кенжетай, доцент Бақыт Әбжат тың деректермен бөлісті. Шара әрі қарай Сауран ауданында жалғасты. Еңбекші Диқан ауылында қазақтың хас батыры Қобыланды батыр ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.


Қобыланды Тоқтарбайұлы – XV ғасырда өмір сүрген аты аңызға айналған халық батыры. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды.


Бұрынғы заманда неше алуан хандық құрған түркі жұртының біразына халық ауыз әдебиеті өнері ортақ. Соның ішінде Қобыланды батыр – қазақ халқының мазмұны бай да салалы эпостық дастандарының бірі. Онда Қобыландының батырлығы, күштілігі, адалдығы, намысқойлығы ерекше сипатталған. Қобыланды батыр жырының 29 нұсқасы бар. Айтушылардың осыншама көп болуы жыр сюжетінің халыққа кең тарағандығын көрсетеді.


Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша монументті өнер туындыларының саны – 842. Оның ішінде ескерткіш – 89, бюст – 339, стелла – 414. Соңғы 3 жылда облыстың аудан қалаларында 31 ескерткіш орнатылған. Барлығы заң шеңберінде жүзеге асып, ұлылар тұлғасын ұлықтауда жемісті жұмыстар атқарылуда.