Түркістанда сапа менеджментіне арналған семинар ұйымдастырылды

0
836

Шараға облысымыздағы мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастықтың 100-ге жуық өкілі қатысты.


Түркістанда сапа менеджментіне арналған семинар ұйымдастырылды

Дамыған 30 елдің қатарынан көріну үшін өндірген тауарыңыздың сапасы әлемдік стандарттарға сай болу керек, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы shymkenttv.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол үшін қазіргі таңда қолданып отырған соңғы стандарт нормаларының қағидаларын білген жөн. Сонымен қатар, өндірісте еңбек етіп жүрген жұмысшы өмірінің қауіпсіздігі ең басты орында.

Осы мәселелерді кәсіпкерлерге жіті түсіндіру мақсатында «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының өкілдері арнайы семинар ұйымдастырды. Шараға облысымыздағы мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастықтың 100-ге жуық өкілі қатысты. Онда халықаралық ИСО 45001 және 22000 сертификаттарының талаптары туралы айтылды. Жаңа стандарт бойынша еңбекті қорғауды басқару жүйелерін пайдалану жөніндегі басшыға қояр талаптар және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті секілді мәселелерге мән берілді. Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі мен жұмысшылардың еңбек ету жағдайына баса назар аудару керектігі түсіндірілді.

-ИСО ның мәсліметі бойынша қазір әлемде күніне 7600 азамат жұмыс орынында қаза табады екен. Сондықтан мұндай мәселелерді болдырмау үшін басқару менеджментін дұрыс жүргізу керек, дейді «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәкен Бейсеев.