15 техника, 20-ға жуық маман жұмылдырылған.
Түркістан қаласында шіркейге қарсы дәрілеу жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласының 90 пайызға жуық аумағына шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары жасалып үлгерді.
Дезинсекциялау жұмыстары күнделікті таңғы 6-дан бастап саябақтар мен көше бойларында және шаһардың көгалды демалыс аумақтарында жүргізілуде.
Дәрілеу жұмыстарына барлығы 15 техника, 20-ға жуық маман жұмылдырылған. Онда шіркейге қарсы "Кардинал" дәрісі қолданылды.