Нұрбол Тұрашбеков белсенділік танытып жүрген аға буынға алғысын білдірді.
Түркістан қаласында сенбіліктер жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясын Түркістан халқы ұйымшылдықпен атқаруда. Кезекті сенбілікке жұмыла кіріскен қала жұртымен кездескен шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков белсенділік танытып жүрген аға буынға алғысын білдірді.
Үлкені үлгі болған, кішісі өнеге алған өлкеде тазалық мәселесі маусымдық емес, тұрақты шараға ұласып келеді. “Бірлік” секторының қариялары ендігі ұқыптылыққа ұрпақты өздері тәрбиелейтінін жеткізді.
Бүгінгі жалпыхалықтық сенбілікке әкімдік тарапынан 30 техника жұмылдырылған. Тазалық жұмыстарына жұмысшылардан бөлек 1000-нан аса тұрғын өз үлестерін қосуда.