30 желілік «Сергек» кешендері және 200 бейнебақылау камералары жұмыс істеп тұр.
Түркістан қаласында жол апаты 41%-ға азайған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында «Сергек» орнатқалы жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақат алушылар саны 41% азайды. 2020 жылы өңір республика бойынша жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша 2-ші орында болған. Бүгінде бұл көрсеткіш төмендеген.
Бүгінде пилоттық жоба аясында Түркістан қаласының қиылысында 26 «Сергек» камералары орналасқан. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер өткелі бар жерлерде 30 желілік «Сергек» кешендері және қала ішіндегі қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қойылған 200 бейнебақылау камералары жұмыс істеуде.
Былтыр «Сергек» пилоттық жобасын іске асыру бойынша Түркістан облысының әкімдігі мен полиция департаменті және «Көркем Телеком» ЖШС арасында меморандумға қол қойылған болатын.