Түркістандағы «Экобазар» сауда кешенінде азық-түлік жәрмеңкесі өтті

0
508

19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қойылды.


Түркістандағы «Экобазар» сауда кешенінде азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Түркістандағы «Экобазар» сауда кешенінде азық-түлік жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шараға облыс кәсіпкерлері қатысып, тұтынушыларға өз өнімдерін арзан бағаға ұсынды. Жәрмеңкеде тұрақтандыру қорынан 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қойылды.


Бүгін Түркістан қаласында азық-түлік жәрмеңкесі болды. «Эко базар» сауда кешенінде өткен шараны «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастырды.


Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауар нарықтағы бағадан 30-40 пайызға арзан сатылды.


Тұтынушылар азық-түліктің базар бағасынан едәуір арзан екенін айтып, ұйымдастырушыларға арнайы алғысын білдірді.


Жәрмеңкеде сатылған азық-түлік бағалары:

1 келі шекер – 390 тг

Тұз – 45 тг

Картоп және сәбіз – 100 тг

Пияз – 60 тг

Қырыққабат – 90 тг

І сұрыпты ұн – 190 тг

Сары май – 2300 тг

Сүзбе – 1300 тг

Тауық еті – 900 тг

Сиыр еті – 2200 тг

Қарақұмық – 270 тг

Күріш – 400 тг

1 литр күнбағыс майы – 630 тг

Сүт – 270 тг

Айран – 320 тг

1 нан – 70 тг

Жұмыртқа – 42 тг

Сиыр етінің 1 келісі 2200 теңгеден, ал, тартылған ет 2300 теңгеге сатылды.