Түркістанды түлетуге шардаралықтар да үлес қосуда

0
1 736

«Шардара сервис» МКК және «Шардара жасыл аймақ» МКК абаттандыру, көгалдандыру бойынша инвентаризациялау жүргізді.


Түркістанды түлетуге шардаралықтар да үлес қосуда

Түркістан қаласынан Шардара ауданына бөлінген №10 секторда шардаралықтар 5 мыңнан астам көшет отырғызып, 1,2 шақырымға тамшылатып суғару әдісін қолданып отыр деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласы облыс орталығы болған күннен бастап қаланы дамыту мен абаттандыруға, көгалдандыру бойынша қарқынды атқарылып жатқан жұмыстарға шағалалы ауданның азаматтары да сүбелі үлес қосып келеді.
Нақтырақ айтар болсақ Түркістан қаласынан Шардара ауданына бөлінген №10 сектор аумағында Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен бөлімге қарасты «Шардара сервис» МКК және «Шардара жасыл аймақ» МКК тарапынан абаттандыру, көгалдандыру бойынша инвентаризациялау жүргізілді.



Бекітілген жоспарға сәйкес, шардаралықтар Түркістан қаласындағы Қорқыт Ата, Арыстан Баб көшелері аралығында сквер құрылысын жүргізіп, 0,6 гектар жерді тегістеп, аяқ жол плиталарын төседі. Футбол алаңшасына жасанды газон төсеп, қоршау орнатты.
Сонымен қатар, спорт және балалар алаңшасының негізгі бетон қабаты жасалып, орындықтар орнатылды. Қолданысқа берілген спорт және балалар алаңшасына қойылатын ойын жабдықтары толық жеткізіліп, орналастырылған. Сквер аумағына егілетін көшеттерді суғаруға қолайлы жағдайлар жасалып, автотұрақ орнына асфальт төселген.




Шардаралықтар тарапынан ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын Жармұқамбетов көшесінің бойына 2 аялдама мен 2 қоқыс жәшігі орнатылып, сектор аумағына 5058 түп ағаш көшеттері отырғызылғанын айта кеткен жөн. Ағын суды үнемдеу мақсатында «Шардара сервис» МКК тарапынан Жармұқамбетов көшесінің 1,2 шақырымына тамшылатып суғару жүйесі жүргізіліп, тамшылатып суғару жүйесі арқылы егілген 300 түп тұя мен жай жапырақты ағаштар суғарылуда.
Көгалдандыру жұмыстары бойынша Шардара ауданынан арнайы мамандар мен 2 автоцестерна көлігі бөлініп, тұрақты түрде тиісті жұмыстар атқарылуда.