Шардара ауданына қарасты Сүткен ауылдық округының әкімі жеке қабылдауына түрлі себептермен келе алмаған азаматтардың үйіне барды.
Шардара ауданы Сүткент ауылының әкімі Олжас Айдаров, жеке қабылдауына түрлі жағдайлармен келе алмаған азаматтардың үйіне барған - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл жөнінде журналист, өлкетанушы Кеңес Исмайлов өзінің "фэйсбук" парақшасында жазды.
"Бұл сурет менің күнімді шуақты етті! Түркістан облысы, Шардара ауданы, Сүткент ауылдық округының жас әкімі Олжас Айдаров, тұрғындарды жеке сұрақтар бойынша ерекше қабылдау өткізді. Яғни, ол өзінің кабинетіне түрлі жағдайлар бойынша келе алмаған азаматтардың үйіне барды. Мына суретте Олжас әкім өзінің қабылдауына жазылған егде жастағы мүмкіндігі шектеулі Қалдыкүл Тайлақованың шағымын төсегінің басына барып тыңдады",- деп жазады.