Түркістандық әнші республикалық додада топ жарды

0
338

«Қазақтың Ақбаяны» атты І республикалық әншілер конкурсы өтті.


Түркістандық әнші республикалық додада топ жарды

Түркістандық өнерпаз республикалық ән додасында топ жарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қызылорда облысында 1-2 тамыз күндері ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші Мәдина Ералиеваның 70 жылдығына арналған «Қазақтың Ақбаяны» атты І республикалық әншілер конкурсы өтті. Түркістан облысының атынан «Конгресс Холл» көпсалалы кешені, «Jana Lep» шығармашылық ұжымының өнерпазы Асыл Жомартов бақ сынады.


Жобаның мақсаты — жас әншілерді қолдау, ән өнеріндегі жаңалықтарды кейінгі ұрпақтың кәдесіне жарату және ескі халық әндерін насихаттау. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 18-35 жас аралығында іріктелген 15 әнші қатысты.


Байқаудың бірінші кезеңінде Қазақстан композиторларының әндері орындалса, екінші кезеңде Мадина Ералиеваның репетуарынан әндер шырқалды. Нәтижесінде 5 жеңімпаз анықталды. Үздік өнер көрсеткені үшін түркістандық өнерпаз Асыл Жомартов Бас жүлдені жеңіп алды. Байқау әрі қарай еске алу кешіне, гала концертке ұласты.