Түркістандық ардагерлер ардақталды

0
692

Түркістан облысында 173 000 зейнеткер тұрады.


Түркістандық ардагерлер ардақталды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібев аға ұрпақ өкілдерімен кездесіп, құрмет көрсетті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібев Халықаралық қарттар күніне орай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов бастаған бір топ аға ұрпақ өкілдерімен кездесіп, құрмет көрсетті. Айтулы мерекемен құттықтап, алғысын білдірді. Елімізде жыл сайын аға буынды құрметтеу, еңбегін тану, олардың мемлекет дамуына көп қырлы үлесіне құрмет ретінде Халықаралық қарттар күні атап өтіледі.

Түркістан облысында 173 000 зейнеткер тұрады. Олардың 35-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 7,4 мыңнан астамы тыл еңбеккерлері. Қарияларға жыл сайын нақты әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілуде. Ардагерлерді сауықтыру және олардың денсаулығын бақылау – үнемі назарда. Жыл сайын арнайы шипажайларда 8 мыңға жуық ардагер денсаулығын түзетуге мүмкіндік алады. Мыңға жуық ардагер басылымдарға тегін жаздырылған.

80 жастан асқан 432 жалғызілікті қариялардың зейнетақыларына ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек беріліп келеді. 3 мыңнан астам қарттар стационарлық үлгідегі мекемелерде толық мемлекет қамқорлығына алынып, Оңалту орталықтарында, үйде қызмет көрсету жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылуда. Осы бағыттағы биыл Түркістан облысында «Қарттарым – қазынам» облыстық акциясы өтетін болады.

Облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Әкелер мектебі» жобасы аясында өңірде бала тәрбиесі мен отбасы құндылығының нығаюына елеулі үлес қосып келеді. «Қамқорлық» шарасы аясында биыл 41,3 мыңға жуық ардагерге қоғамдық көліктерге тегін жүруге, коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер жасауға жағдай туғызылған.