Түркістандық балуандар Азия ойындарынан екі медаль еншіледі

0
99

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары Манамада (Бахрейн) өтіп жатыр.


Түркістандық балуандар Азия ойындарынан екі медаль еншіледі

Түркістандық балуандар жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарынан алтын мен қола медаль олжалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапында ел намысын қорғаған түркістандық балуан Бекасыл Асамбек еркін күрестен Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.


Жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақтың финалында өнер көрсетті. Бекасыл финалда Солтүстік Корея елінің өкілі Хун Юмен күш сынасты. Нәтижесінде қазақ балуаны 4-1 есебімен жеңіске жетті.


Еркін күрестен 45 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен түркістандық тағы бір спортшыАғабек Бақдаулет те сенімді ақтады. Ол қола жүрлегер атанды.


Қола үшін белдесуінде жапониялық спортшыны 3:2 есебімен жеңді.

Бөлісу