Жүлдегер боксшылар «Түркістан» кәсіпқой бокс клубының шәкірттері.
Бокстан Әлем кубогында Түркістан облысының 2 споршысы жүлдегер атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бразилияда World Boxing әлем кубогы өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен түркістандық боксшылар 2 қола медальға қол жеткізді.
Атап айтқанда, 57 келіде Ұлжан Сәрсенбек, +90 келіде Даниял Сапарбай үшінші орынға ие болды. Бұл спортшыларды Шыңғыс Демеуов пен Ербол Ахантаев баптады. Жүлдегер боксшылар «Түркістан» кәсіпқой бокс клубының шәкірттері.