«Medical Park» клиникасында кәсіби мамандармен тәжірби алмасты.
Түркістан облысының дәрігерлері Түркия Республикасында тағлымдамадан өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының дәрігерлері жуықта Түркия Республикасындағы жетекші клиникалардың бірінде біліктілікті арттыру мақсатында тағылымдамадан өтті.
Бұл жұмыстар Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жүргізіліп, облыстық клиникалық аурухананың 9 дәрігері мен 2 операциялық мейірбикесі Түркияның Анталия қаласындағы «Medical Park» клиникасында кәсіби мамандармен тәжірби алмасты.
Сапар аясында түркістандық мамандар озық медициналық технологияларды қолдану арқылы ота жасаудың тың тәсілдерін меңгерді. Атап айтқанда, бауыр және бүйрек трансплантациясы, сондай-ақ артық салмақ пен семіздікке қарсы (бариатриялық) және зат алмасу бұзылыстары мен қант диабетін емдеуге бағытталған (метаболикалық) хирургиялық әдістермен танысты.
Ондағы мақсат заманауи медициналық технологияларды меңгеру, халықаралық тәжірибені өңірлік медицинаға енгізу және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру.


