Түркістандық ер адам жолдасының басына пышақ тығып өлтірген

0
1 683

Күдіктіні тергеу уақытында екі ай мерзімге қамап, күзетпен бұлтартпай ұстау шарасын қолданады.


Түркістандық ер адам жолдасының басына пышақ тығып өлтірген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бөтелкелесінің басына пышақ тығып өлтірген ер адамға айып тағылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Екі ер адамның бірге арақ ішуі кісі өлімімен аяқталды. Түркістан облысы, Ордабасы ауданында ер адам бөтелкелесінің басына пышақ тығып өлтірген. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем қызметі жәбірленушіні аудандық ауруханаға жеткізген. Алған ауыр дене жарақатынан жәбірленуші емдеу мекемесінде көз жұмған. Өткен жылдың 23 қарашасында болған қанды оқиғаға күдікті деп танылған ордабасылық тұрғынға ҚР ҚК нің 99 бабы, 1-ші бөлігі, "қасақана кісі өлтіру" бойынша айып тағылды. Ордабасы аудандық соты күдіктіні тергеу уақытында екі ай мерзімге қамап, күзетпен бұлтартпай ұстау шарасын қолдану туралы санкция берді.