Түркістандық ескекшілер Азия чемпионатында жүлдегер атанды

0
164

Жарыс Тайландтың Паттайя қаласында өткен.


Түркістандық ескекшілер Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Түркістандық ескекшілер Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тайландтың Паттайя қаласында өткен 18 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Түркістан облыстық су спорты түрлері бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің өрендері 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.


23 жасқа дейінгі санатта байдарка екілік сайысында 500 метр қашықтықта Татьяна Гладкова күміс жүлдегер атанды.


Ал 18 жасқа дейінгі байдарка төрттік сайысында 500 метр қашықтықта Зоя Прядка да екінші орынды иеленді.


Сондай-ақ 23 жасқа дейінгі қатысушалыр арасында байдарка төрттік сайысында 500 метр қашықтықта Альбина Халикова мен Евгения Тютюкина қола медальға қол жеткізді.

Бөлісу