Кәрім Асылжанның жеңісі – өңір балуандарының жоғары дайындық деңгейін және қазақ күресінің Азия аренасындағы беделінің артқанын айғақтайды.
Түркістандық Кәрім Асылжан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан төрінде ересектер арасында өтіп жатқан төл спортымыз – қазақ күресінен Азия чемпионатының алғашқы күні жергілікті жанкүйерлер үшін сәтті басталды.
82 келі салмақ дәрежесінде Түркістан облысының мақтанышы Кәрім Асылжан қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен ұтып, чемпион атанды. Осылайша, аймақ абыройын асқақтатып, алтыннан алқа тақты.
Жеңімпаз балуанды Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров алтын медаль мен алғыс хат табыс етті.
Кәрім Асылжанның жеңісі – өңір балуандарының жоғары дайындық деңгейін және қазақ күресінің Азия аренасындағы беделінің артқанын айғақтайды.


