Түркістан облысында «Nur Otan» партиясы қолға алған «Біз біргеміз!» акциясы жалғасуда.
Азаматтық пен жомарттық сынға түскен кезеңде белгілі кәсіпкер, меценат Рәшкүл Оспанәлиева "Түркістан" әлеуметтік-корпоративтік даму қорына 25 млн. теңге аударып, айрықша жанашырлық танытты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында «Nur Otan» партиясы қолға алған «Біз біргеміз!» акциясы жалғасуда. Корнавирусқа қарсы күресті күшейту, көмекке аса мұқтаж тұрғындардың әл-ауқатын көтеру мақсатындағы акцияға өңірдегі кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары мен меценаттар атсалысып жатыр.
«Біз біргеміз!» акциясы бойынша Түркістан облысының аудан, қалаларында 2 мыңнан астам отбасыға азық-түлік, гигиеналық және медициналық заттар таратылып жатыр. Бұл міндетті орындауға «Nur Otan» партиясы филиалдарының өкілдері, «жасотандықтар» және еріктілер тартылған.