Түркістандық медицина қызметкерлері ел чемпионы атанды

0
462

Жалпыкомандалық есепте бас жүлдені иеленді.


Түркістандық медицина қызметкерлері ел чемпионы атанды

Таразда медицина қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиада өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тараз қаласында медицина қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті.


Спорт додасына еліміздің барлық өңірінен сала мамандары қатысты.


Республикалық жарыста Түркістан облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте бас жүлдені иеленді.


Спорттың бес түрін қамтыған сайыста ақ халатты абзал жандар кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, жүзу, бильярд спортынан сайысқа түскен болатын.


Спартакиадада көш бастап жеңіске жеткен түркістандық топтың құрамасы Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты Жедел-жәрдем станциясы, Мақтаарал аудандық «Атакент» ауруханасы, Түркістан қалалық емханасы, Түлкібас аудандық ауруханасы, Ордабасы, Келес, Сауран және Бәйдібек аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерінен құралған.

Бөлісу