Республикалық спартакиадаға жолдама алады.
Түркістанда мұғалімдер арасындағы облыстық спартакиада өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында мұғалімдер арасында облыстық спартакиада өтті. Спорттың 4 түрі бойынша өрбіген сайысқа өңір бойынша аудан-қалалардан келген 11 команда қатысты. 17-18 қазан аралығында жалғасқан спорттық додада 500-ге жуық ұстаз үстел теннисі, волейбол (ерлер және әйелдер), кіші футболдан өзара бақ сынады.
Жарыс қорытындысында Түркістан қаласының құрама командасы 1-орынға, Сайрам ауданына келген ұстаздар 2-орынға, Сауран ауданының құрамасы 3-орынға тұрақтады. Жеңімпаз атанған жүлдегерлерге медаль мен кубок, мақтау қағазы табысталды. Спорттық бәсеке барысында үздіктер іріктеліп алынып, Республикалық спартакиадаға жолдама алады.