Түркістандық оқушылар олимпиада жүлдегері атанды

0
447

Жалпы сайыс 9-11 сынып оқушыларына арналған.


Түркістандық оқушылар олимпиада жүлдегері атанды

Түркістандық оқушылар республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістандық оқушылар Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысты. Жалпы сайыс 9-11 сынып оқушыларына арналған. Білім додасында Түркістан облысының 4 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.


Атап айтсақ, Шардара ауданындағы М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Ернұр Қыдыр ІІ орынға, Түркістан қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Азамат Тастыбай ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, Кентау қалалық мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Севдияр Сабиров ІІІ орынды және «Білім-инновация» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Арнұр Айдарбек ІІІ орынды иеленді.