Түркістандық параканоэшілер Азия чемпионатынан олжалы оралды

0
98

Бұл жарыс Таиландтың Районг қаласында өтті.


Түркістандық параканоэшілер Азия чемпионатынан олжалы оралды

Түркістан облысының спортшылары Азия чемпионатынан олжалы оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық су спорты түрлері бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері Азия чемпионатынан олжалы оралды.


200 және 500 метр қашықтықтағы KL2 және VL3 санаттарында екі алтын және бір қола медальді Бибарыс Спатай жеңіп алды.


Ал әйелдер арасында KL3 санатында 200 және 500 метрлік қашықтықта Жаныл Балтабаева екі күміс медаль иеленді.


Бұл жарыс Таиландтың Районг қаласында өтті. Оған Азияның 10 елінен 123 параатлет қатысты.

Бөлісу