Республикалық бәсекеге 19 облыстан 100-ден астам таңдаулы спортшы қатысты.
Түркістандық спортшы асық атудан ел чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Петропавл қаласында асық атудан ересектер арасында Қазақстанның жекелей чемпионаты өтті. Аталған республикалық бәсекеге 19 облыстан 100-ден астам таңдаулы спортшы қатысып, үздіктерді анықтады.
Дода қорытындысында Түркістан облысының спортшысы Айтқұлов Амандос барлық қарсыласынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды. Сонымен қатар бес асық әдісі бойынша қыздар арасында Айдана Есембекова күміс жүлдеге ие болып, облыс қоржынына екінші жүлдені салып берді.