Бәсекеге еліміздің 5 өңірінен 135 спортшы қатысты.
Түркістан облысының спортшылары 21 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында академиялық ескек есу спорты қарқынды дамуда. 17-23 маусым аралығында Теміртауда академиялық ескек есуден Қазақстан чемпионаты өтті. Бәсекеге еліміздің 5 өңірінен 135 спортшы қатысты.
Түркістан облысының намысын Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, Жоғары спорт шеберлігі мектебінің, Олимпиадалық резерв дайындау орталығының 24 спортшысы қорғады.
Бағдарламадағы әртүрлі сайыс түрлері бойынша финалдық кезеңде жерлестеріміз 21 алтын, 15 күміс және 10 қола жүлде жеңіп алды.
Қазақстан чемпиондары атанғандарға тоқталсақ:
Владислав Яковлев, Иван Чернухин, Еркежан Сапарқұл, Лияра Айдарова, Мария Лебедева, Роза Кеңес, Александр Афанасьев, Владислав Галкин, Әділет Керімбек, Қуаныш Бекбембетов, Валентина Волкодавова, Саттарбек Ильхамов, Айбек Саттарбек, Айлин Айдарова сенімді ақтап, топ жарды.