Білім саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар педагогті мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Түркістандық ұстаз «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысына қатысып, білім саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар педагогті мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Марапатталғандар қатарында Түркістан облысы «Төле би аудандық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ мұғалімі Сәкен Далмырзаев та бар. Педагогке «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.


