Түркістандық жастар жалғызбасты анаға үй салып берді

0
761

Аз қамтылған 10 отбасы баспаналы болды.


Түркістандық жастар жалғызбасты анаға үй салып берді

Отырар ауданында ерекше қайырымдылық эстафетасы бастау алды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Отырар ауданында ерекше қайырымдылық челленджі бастау алды. Ұзақ жылдар бойы тозығы жеткен ескі үйде тұрған жалғызбасты анаға ауданның ерікті жастары баспана салып берді. Көксарай ауылының тұрғыны Есенкүл Әлібаеваныңжағдайымен танысқан 1995 жылы туған ауыл жастары бірігіп, жаңа баспананың іргетасын құйып берген. Ерікті жастар қайырымдылық эстафетасын ауылдас аға-інілеріне жолдаған.

Бұл ерекше бастамаға барлық ауыл жастары үн қосты. 1982 мен 1998 жылғы ауыл жастары қаржы жинап, кейуанаға жаңа баспана салып берді. Осылайша ұйымшыл жастар қамкөңіл бір отбасына қуаныш сыйлады.

Атап өтейік, биыл облыс басшысының бастамасымен Түркістан облысында «Қамқорлық» бағдарламасы жүзеге асуда. Соның нәтижесінде демеушілердің көмегімен бір ғана Отырар ауданының өзінде аз қамтылған 10 отбасы баспаналы болды. Тағы екі тозығы жеткен баспана күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылды. Алдағы уақытта мұндай қайырымдылық іс-шаралары жалғаса бермек.