Түркістаннан Абай облысына 540 тоннадан аса өнім жөнелтілді

0
216

Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы тауарлары нарықтағы құнынан арзан бағада ұсынылады.


Түркістаннан Абай облысына 540 тоннадан аса өнім жөнелтілді

Түркістан облысынан ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген жүк көліктері Абай облысына жол тартты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысынан 540 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген жүк көліктері Абай облысына жол тартты. Керуенде көкөніс, бақша, жеміс-жидек, балық және жергілікті қайта өңдеу өнімдері бар. Атап айтқанда, картоп - 194,0 тн, бақша - 81,0 тн, жеміс-жидек - 71 тн, қымыран, қаймақ, сары май, қымыз, айран, ірімшік, әсел, шырын, сусындар, шұжық, жұмыртқа, балық тағы басқа секілді 167,0 тн өнім жеткізіледі.


Мақсат — 2-3 тамыз күндері Семей қаласында өтетін ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне қатысып, жергілікті тұрғындар мен қонақтарға Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы тауарларын нарықтағы құнынан арзан бағада ұсыну. Іс-шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай қос облыстың ынтымақтастық келісіміне сәйкес және оңтүстіктен тарту ретінде ұйымдастырылып отыр.


Керуенге сәт-сапар тілеу үшін жиынға ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ермұхаммед Құралбеков, 17 аудан және қаладан жауапты өкілдер арнайы келді. Жәрмеңкеге Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері атсалысуда. Ауқымды бастама аясында екі күнге ұласатын «Түркістан облысының мәдени күндері» концерттік бағдарламасы жоспарланған. Түркістандық тауар өндірушілер мен өнерпаздар Абай облысының тұрғындары мен қонақтары «Арена» көпфункционалды мәдени-спорт кешенінде асыға күтеді.


Түркістан облысы — агроөнеркәсіптік кешен саласында еліміздегі жетекші аймақ. Республика көлемінде жалпы өнімнің 14,2%-ы өңірдің еншісінде. Биыл қаңтар-маусым айдарында 253,9 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 104,7%-ды құрады. Негізгі капиталға 82,3 млрд. теңге инвестиция тартылды. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 17 мың гектарға ұлғайып, 890 мың гектарға егілді.

Бөлісу