Зәбір көрген үш қызды мемлекет өз бақылауына алды

0
1 325

Жетісайдағы өгей шешесінен қорлық көріп келген қыздардың тағдырына енді мемлекет жауапты


Зәбір көрген үш қызды мемлекет өз бақылауына алды

Фото:Айгүл Орынбектің фэйсбуктағы парақшасынан алынды

ERNUR.KZ. Түркістан облысы, Жетісай қаласындаңы өгей шешесінен қорлық көрген үш қыз қауіпсіз орынға жеткізілді. Қоғам белсендісі Айгүл Орынбектің бас прокурор Ғизат Нұрдаулетовке сұранысы қанағаттандырылды. Заңгердің айтуынша, қыздар Шымкент қаласының "Жас балаларды бейімдеу орталығына" жеткізілген.

"Үш қызды мемлекет өз бақылауына алды.

Бас Прокурор Ғизат Нұрдаулетов мырзаға үлкен рахмет! Тергеу біткенше қыздар , мемлекет бақылауында болғаны дұрыс. Психолог мамандар қыздармен жүйелі түрде жұмыс жасау керек!
Қыздар қәзір зомби болып қалған. Жалтақ-жалтақ еткен жауқазындарды енді ешкім қорламайды.
Бүгін қыздарды Шымкент қаласының "Жас балаларды бейімдеу орталығына" алып келді.
Қыздардың жағдайы жақсы, қәзір мамандар өз жұмысын бастап кетті.

Қыздардың қәуіпсіздігін Түркістан полиция департаменті бақылап отыр.
Ішкі істер министірі Ерлан Заманбекұлы өзі арнайы жедел тергеу тобын құрып өз бақылауында ұстап отырғанын жеткізді.
Қыздар үшін алаңдамаңыздар!
Мен қоғам тарапынан бақылаушы ретінде бұл істі бақылауыда ұстаймын!
Алдағы уақытта қыздардың тағдырын сот және қыздардың өздері шешед
і", - деп жазды Айгүл Орынбек фэйсбуктағы өз парақшасына.