«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Арыстағы тұқымбақ жаңа өскіндермен толығады

0
363

Айта кетейік, тұқымбақ 2022 жылы құрылып, көшеттер бағында қазіргі уақытта 80 мыңнан аса түп ағаш өсіп, жайқалып тұр.


«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Арыстағы тұқымбақ жаңа өскіндермен толығады

Арыс қаласында ағаштар егіліп оны жерсіндіруде тың әдістер қолданылып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде Арыс қаласында ағаштар егіліп оны жерсіндіруде тың әдістер қолданылып келеді. Оған дәлел ретінде қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың бастамасымен құрылған қаладағы алғашқы тұқымбақты айтуға болады. Айта кетейік, тұқымбақ 2022 жылы құрылып, көшеттер бағында қазіргі уақытта 80 мыңнан аса түп ағаш өсіп, жайқалып тұр.


Ал «Жасыл Арыс» мекемесінің қызметкерлері бұл көрсеткішті тағы да арттыру мақсатында ағаш тұқымдарын жинау жұмыстарын жалғастыруда. Ағаш тұқымдарын жинау жұмыстары қала орталығынан бастау алған.


Жасыларыстықтар қалалық білім бөліміне қарасты Сұлтанбек Қожанов мектебінің ауласында қарағаш тұқымдарын жинау жұмыстарымен айналысуда. Мұндағы мақсат - Арыс топырағына бейімделген қарағаш тұқымын жинап тұқымбаққа орнатып келер жылға дайын көшет алу.


Бүгінде ағаш тұқымдарын жинау жұмыстарына «Жасыл Арыс» КММ-нің 15 қызметкері жұмылдырылған. Олар қазіргі уақытта Арыс-Шымкент тас жолы бойында, сондай-ақ қала ішінде ағаш көшеттерін жинау жұмыстарымен айналысуда. Тұқымбақтың ерекшелігі - мұнда өсіріліп жатқан көшеттің бәрі де қалада өсіп тұрған ағаштардың тұқымынан өніп шыққан. Нәтижесінде тұқымдардың өнімділігі 95 пайызды құрап отыр.