Жерсіндіру жұмыстары «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» саябағы мен «Жастар» гүлзарына, С.Жаштаев пен С.Қожанов көшелеріне жүргізілді.
Мақтаарал ауданының орталығында 10 мың түп гүл көшеті егілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығында Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакентте 10 мың түп гүл көшеті егілді.
Көшет отырғызу жұмыстарын «Мырзакент қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны іске асырды. Жерсіндіру жұмыстары «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» саябағы мен «Жастар» гүлзарына, С.Жаштаев пен С.Қожанов көшелеріне жүргізілді.
Атап айтқанда, көшеттердің ішінде раушан гүл, бархатцы, сальвия және питуния атты түрлері кездеседі. Айта кетейік, гүл көшеттері арнайы Сарыағаш, Қазығұрт аудандарынан әкелінген. Аудан орталығында орналасқан бірқатар кәсіпкерлік мекемелер де өз аулаларына көгалдандыру жұмыстарын жүргізбек.
«Мырзакент қызмет» МКК гүлдерді егіп қана қоймай, оларды күтіп- баптаумен айналысады. Мекеме басшысының айтуынша, егіліп жатқан гүлдердің өз ерекшеліктері бар. "Сабағы нәзік болғанмен, тамыры қуатты. Гүл - кез-келген адамның көңіліне жылу сыйлайды. Әдеміліктің, сыйластықтың символы" деді ол. Сондай-ақ әрбір кент тұрғыны үй аулаларында көгалдандыру жұмыстарын жүргізсе, аудан орталығы ерекше құлпыратынын тілге тиек етті.