​Шабдалыны КҮЗДЕ жақсылап СУҒАРСАҢЫЗ, келер жылы МОЛ ӨНІМ АЛАСЫЗ

0
3 871

Ккелесі жылы шабдалы мол өнімімен қуанту үшін жемісін жинап болып, күзде бірнеше жұмыстарды атқару керек.


​Шабдалыны КҮЗДЕ жақсылап СУҒАРСАҢЫЗ,  келер жылы МОЛ ӨНІМ АЛАСЫЗ


Шабдалы - үлкеннің де, кішінің де сүйсіне жейтін тәтті жемісі. А,В,С және фосфор, кальций, калий секілді ағзаға қажетті дәрумендер мен пайдалы заттарға өте бай. Құрамында магний бар болғандықтан шабдалы нашар көңіл күйден арылуға және қобалжуды басуға көмектеседі. Сол себепті де Венгрия халқы шабдалыны сабырлық жемісі деп атайды.


Шабдалы – жылуды, жарықты жақсы көретін өсімдік. Егер уақтылы суғару мен күтімі және тыңайтқышы дұрыс берілсе мол жеміс береді. Ендеше келесі жылы шабдалы мол өнімімен қуантсын десеңіз, онда жемісін жинап болып, төмендегі кеңестерді жасап көріңіз.


Жеміс беріп болған соң шабдалы ағашын қысқы маусымға дайындап қою керек.



Жемісін теріп алған соң ағашқа минералды және органикалық тыңайтқыштар қажет. Бұл тыңайтқыштар ағашты көктемге дейін қоректендіріп тұрады. Сондай-ақ ағашты зиянкестер мен аурудан сақтау үшін күзде қырқып реттеген дұрыс.

Жаздың соңы мен күздің басында шабдалы ағашында жаңа өскіндер шығара бастайды. Ал ол өскіндердің қыстан жақсы шығуы күздегі топырақтың ылғалдылығына байланысты. Сондықтан ағашты мол суғару күзгі күтімнің маңызды бір кезеңінің бірі.


Күзгі күтім

Шабдалының күзгі күтімі ағаштың айналасын тазартудан басталады.

Топырақты аудару

Бұл тәсіл уақыт пен біраз күш-қуатты қажет етсе де жеміс ағаштары үшін өте маңызды. Маңыздылығы:

  • Ағаш діңінің айналасын аудару арқылы зиянкестерге қыстайтын орын қалдырмайсыз. Кейбір зиянкестер жерге түскен жапырақтар мен топырақтың беткі қабатында мекендейді.
  • Барлылқ жұмыстар орындалып біткен соң топырақтың бетін сабан немесе қарашірікпен жабындау керек. Жабындау тамырды үсіп кетуден сақтайды және көктемге дейін қорек болады.
  • Топырақты қопсытып, судың жақсы сіңіп кетуіне жағдай жасау қажет. Қопсыған топырақтан ауа жақсы айналады, ал судың сіңгені сіңіп, артығы буланып жоқ болып кетеді.
  • Ағаштың айналасындағы ылғалды өзіне тартып алатын барлық арамшөптерді жұлып тастау керек.
  • Егер топырақ өнім беруге жақсы болатын болса, онда шабдалының айналасына көлеңке сүйгіш, гүл ашатын өсімдіктер егіп тастауға болады.


Мына қателіктерден аулақ болыңыз:

  • Топырақты қопсытқан кезде тым терең қазу тамырды зақымдау қаупін тудырады. Сондықтан 10-15 см қазу жеткілікті.
  • Жеңіл немесе құмды топырақты аударудың қажеті жоқ. Бұл топырақтың құнарлы қабатын кептіріп жібереді. Сондықтан мұндай топырақтың тек бетін ғана тырмалап қою жеткілікті.
  • Қысы қатты, суық, аязды күндері көп болатын Солтүстік өңірлер үшін, топырақтың бетін картон қағаз, кленка немесе қалың етіп шөп төсеп, жылы жабындау өте маңызды. Әсіресе жаңадан отырғызылған, бекіп үлгеремеген жас көшеттердің тамыры жердің беткі қабатына жақын болатындықтан тез үсік шалуы мүмкін.


Суғару

Күзгі мол суғару жұмыстары қыс алдында жабындау кезінде жүргізіледі. 1 м² жерге шамамен 9-10 шелек су құйылу қажет.


Тыңайтқыш беру

Тыңайтқыштың көлемі мен құрамы топырақтың сапасына қарай жүреді. Егер топырақ құнарсыз болса, онда органикалық та, минералды да тыңайтқыштарды беру керек. Ал топырақ құнарлы болса, онда органикалық тыңайтқышты 2-3 жылда 1 рет беру жеткілікті. Органикалық тыңайтқыш ретінде компост немесе қарашірік қолданылады. Ал минералды тығайтқышты ағаштың түбін қопсытып жатқан кезде 1 м² жерге 50гр хлорлы кальций және 40гр суперфосфат қосу қажет.


Қырқу

Ағаш қырқатын өткір қайшымен сынған, ауру, қураған бұтақтардың барлығын қырқып тастау керек. Сондай-ақ бір біріне тиіп тұрған және жіңішке, әлсіз бұталарды да кескен жөн.

Маңызды! Қатты салқын түскенде, жапырақтар түгелдей түсіп болғанда ағаштың түбі әктеледі. Әкке міндетті түрде кір сабын қосыңыз (2-2,5кг әкті және 50гр кір сабынды 10 литр суға еріту керек.

Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!

Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз: Көгалды (газон) ыстық ауа-райында да егуге болады