Үйде ЛИМОН өсірудің түк те ҚИЫНДЫҒЫ жоқ

0
13 442

Қолдан өсірілген лимон ағашы үйіңізде 40 жылдан астам жайқалып тұра береді.


Үйде ЛИМОН өсірудің түк те ҚИЫНДЫҒЫ жоқ

Күнделікті күйбең тіршіліктен, жұмыстан шаршағанда, жайлы, тыныш, еркін демалуды қалаймыз. Ал мұндай жайлылықты қалыптастыруға бөлме өсімдіктерінің көмегі өте көп екен. Сондай жасыл желектердің ішіндегі пайдалысының бірі - лимон ағашы.

Қазіргі кезде лимонды тек жеміс ретінде ас-ауқатқа ғана емес, өзге түрлі тазарту, ағарту құралдарына, кейбір жәндіктерден құтылу үшін де пайдаланатынына көз жеткізіп жүрміз. Бұрындары таңсық болатын цитрусты жемісті, қазір жер таңдамай өсіре берудің түрлі амалдары жасалған.


Лимон ағашын, тіпті, шай ішетін кеседе (кружка) өсіруге болады екен.


Хош иісті, қай мезгілде болсын жасыл қалпында қалатын осы өсімдікті дәні арқылы өсіріп көріп, жанға жайлы жайлылықты үйіңізден табыңыз.


Лимон қалай өседі?

  • Бірінші кезекте лимонның үлкен тұқымдарын алдын ала іріктеп дайындап алу керек;
  • Дәндер тезірек өнуі үшін сыртындағы жұқа қабықтардан толық тазарту қажет;
  • Дайын болған дәндерді жылы суға саламыз;
  • Жыл суға салынған дәндер 3-4 күнде-ақ бөртеді, тек суын күн сайын жаңалап тұру керек;
  • Орташа көлемдегі кесе (кружка) тауып, астына аздап ұсақ тас пен топырақ салып дайындаймыз;
  • Дәндердің сүйір жағын топыраққа қадап, араларын бес миллиметрге жуық етіп отырғызу қажет;
  • Үстінен ірі құм себіледі;

  • Келесі кезекте ыдыстың бетін пленкамен жауып қоямыз;
  • Күн сайын су сеуіп ылғалдап, желдетіп тұру керек;
  • Пайда болған ірі өсінділерді бес айдан кейін жеке ыдысқа қондыру қажет;


Көшетіне қалай күтім жасалады?

  • Үй лимонын күту кезінде қалыпты, уақтылы суғарып отыру керек.
  • Жапырақтарын шаңнан тазартып, сүртіп, су бүркіп ылғалдап отыру қажет.
  • Сондай-ақ көшеттер бірдей өсу үшін ай сайын сол орнынан қозғамай 2см айналдырып тұрған дұрыс.
  • Өскін көтерілген сайын үлкен көлемдегі ыдысқа отырғызылады;
  • Міндетті түрде түрлі және арнайы лимонға арналған тыңайтқыштармен қоректендіріп отырған жөн;
  • Тек жаздың ыстық айларында ғана тіке түскен күн көзінен қалқалау қажет, басқа уақытта жарықта жақсы өседі.
  • Қыс айларында 12-14ºС төмен болмағаны дұрыс, егер осы температуралық жағдай жасалмаса өсімдік көктемде гүлдемей қояды. Ал, гүлдегенде, түйін салғанда 18ºС төмен болмауы керек. Азынақ желден, температураның кенет өзгеруінен қорғау керек.


Жалпы, лимонның биіктігі 5-8 метрге дейін жетеді. Ал үйде өсірілетіні 2 метрге жуықтайды. Лимон ағашы 60 жылға дейін жасаса, үй жағдайында өсірілетіндері 40 жыл өмір сүреді. Ал егер жақсылап бабын жасасаңыз, одан ары тағы 10 жыл қосуы мүмкін.

Дәннен өсірген лимон ағашының алғашқы жемісін ұзақ күтуге тура келеді. Олар 7-8 жыл, кейде 10 - 15 жылдан кейін ғана жеміс береді. Бұл процесті тездету үшін, бір жылдық көшетті жеміс беретін ағаштың бұтағымен телу керек. Мұндай өсімдік 2-3 жылда гүлдей бастайды. Бір лимон жемісі толық жетілу үшін сабақ бойында кем дегенде 10-15 жапырақ болуы керек.

Лимон ағашы баяу өскенімен, үйге әкелер пайдасы шаш-етектен. Лимонның жапырақтары фитонцидтер шығарады, бұл дегеніміз - биологиялық белсенді заттектер. Ол бактериялардың дамуына және саңырауқұлақшалардың өніп-өсуіне жол бермейді. Бөлмені жағымды жұпар иіске бөлейді.

Дайындаған: Эльмира Базарбаева

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз: ЖҰМЫРТҚАНЫ тоңазытқыштың есігіндегі орынға қойсаңыз, ТЕЗ БҮЛІНУІ мүмкін