​Зиянкестерден қорғанудың құпиялары

0
6 011

Бақша дақылдарын жапырақ жайып өніп шыққаннан бастап түрлі зиянкестер мен аурулар жайлап алатыны белгілі. Сондай-ақтүрлі тыңайтқыштармен қоректендіруді де қажет етеді. Сондықтан тыңайтқыштар мен зиянкестерге арналған дәрілердің қарапайым жолдарын біле жүрсеңіз бау-бақшаңыздан мол, сапалы өнім алатыныңыз сөзсіз.


​Зиянкестерден қорғанудың құпиялары

фото: hotelatinc.com

Бақша дақылдарын жапырақ жайып өніп шыққаннан бастап түрлі зиянкестер мен аурулар жайлап алатыны белгілі. Сондай-ақтүрлі тыңайтқыштармен қоректендіруді де қажет етеді. Сондықтан тыңайтқыштар мен зиянкестерге арналған дәрілердің қарапайым жолдарын біле жүрсеңіз бау-бақшаңыздан мол, сапалы өнім алатыныңыз сөзсіз.

Кәдімгі қызанақ жапырақтарының өзі бақша дақылдары үшін таптырмас қоректендіргіш және түрлі зиянкестерден қорғаныш дәрісі екенін біле жүріңіз.

Қызанақтың ең төменгі жағындағы жапырақтарын кесіп су құясыз да, 1тәулікке тұндырып қойып, орамжапырақ, шалқан, асқабақ, қияр, кәді тағы басқа бақша дақылдарына әртүрлі зиянкестерді жоятын дәрі орнына пайдалансаңыз болады. Тағы бір құпиясы – егер тұнбаны тағы бір тәулікке қойып ашытатын болсаңыз, ол барлық бақша дақылдары үшін зор тыңайтқыш болады.

Егер қызанақ көшеттерін еккеннен соң бір рет әлсіз йод ерітіндісімен (3литр суға 1тамшы йод) суғарсаңыз, гүл шашақтары тез қалыптасып, түйіндері көбейе түседі. Мұндай қызанақтардың өнімі басқаларға қарағанда 10-15% үлкенірек болып тез пісіп жетіледі. Бірінші суғарылғаннан соң араға екі апта салып йодты суды әр түпке 1литр (3тамшы йод 1шелек суға) құйып шықсаңыз болады.
Бақшадағы жуаны тек сумен ғана емес, арасында әлсіз күл (1шелек суға 250гр 1стақан күл) немесе өте әлсіз марганец ерітінділерімен қоректендіріп тұрсаңыз, барлық зиянкестерден құтылып, сапалы, таза өнім аласыз.

Құлпынай жемісін шіріп кетуден сақтау үшін түбіне йод ерітіндісін (10мл 10л суға) шашсаңыз болғаны. Араға 10 күн салып қайта шашу қажет.

Ал құлпынайды құстардан сақтау үшін, гүлдеген сәттен бастап арасына піскен жеміске ұқсас домалақ тастар немесе жаңғақтастап қойсаңыз, сіздің нағыз жемісіңіз піскеншеқұстар мұнда жейтін ештеңе жоқ екенін түсініп қайта жолай қоймайды.

Сондай-ақ бау бақша үшін тиімдітыңайтқыш пен зиянкестерге арналған дәріні қарағай қылқандарынан да жасауға болады. Ол үшін 1 кг қылқанды 5 литр суға араластырып, 1 аптаға қараңғы жерге қоясыз. Қылқандағы қажетті заттарды шығару үшін апта бойы күніне 1 рет араластырып тұрасыз.Тұнбаны сүзіп азырақ су араластырып шашасыз және осы 5 л тұнбаға 20 гр сұйық сабын араластырсаңыз әсер ету күші артады. Тұнбаны бақшаға кешкі мезгілде шашқан дұрыс.

Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ