Сіз дүниеге келген күн аптаның қай күні еді, білесіз бе? Білмесеңіз, дәл қазір ерінбей артқа шегініс жасап, анықтауды ұсынамыз. Өйткені, соған қарап сіз жайлы өте қызық ақпарат айтамыз.
ДҮЙСЕНБІ
Түсі: жасыл
Нумерологиялық саны: 7
Талисман тасы: інжу
Физикалық артықшылықтары: нәзік дауыс, өткір көзқарас, сымбатты дене мүсіні.
Жеке бас қасиеттері: жаңашыл, ашық-жарқын, жан-жақты қабілетті, талантты, төзімді, мейірімді.
Жұлдызшылардан кеңес: Өзгелердің сөзіне мән берме. Эмоцияңды басқаруды үйрен.
СЕЙСЕНБІ
Түсі: көгілдір
Нумерологиялық саны: 9
Талисман тасы: лағыл
Физикалық артықшылықтары: терең, жағымды дауыс, көрікті, қайратты, қалың, қанық бояулы шаш.
Жеке бас қасиеттері: белсенді, еңбекқор, қызығушылығы басым, тәуекелшіл.
Жұлдызшылардан кеңес: Бір нәрсе айтпас бұрын, жақсылап саралап ал. Қай нәрсеге болмасын әр қырынан қарауды үйрен.
СӘРСЕНБІ
Түсі: сары
Нумерологиялық саны: 6
Талисман тасы: аметист
Физикалық артықшылықтары: өте әдемі шаш, білек күші, спортшыға тән дене мүсіні мен күш-қуат.
Жеке бас қасиеттері: жағдайға тез бейімделу, сергек сана.
Жұлдызшылардан кеңес: Қиыншылықтармен бетпе-бет келуден қорықпа, күрес, жеңіске міндетті түрде жетесің.
БЕЙСЕНБІ
Түсі: күлгін
Нумерологиялық саны: 2
Талисман тасы: цитрин
Физикалық артықшылықтары: өңменнен өтердей өткір көзқарас.
Жеке бас қасиеттері: адал, жаңашылдықтарға ашық, батыл, көпшіл.
Жұлдызшылардан кеңес: Өзіңнің және өзгелердің эмоцияларын түсініп, қабылдауды үйрену керек.
ЖҰМА
Түсі: алқызыл
Нумерологиялық саны: 4
Талисман тасы: зүбаржат
Физикалық артықшылықтары: тартымды күлкі, қыпша бел, нәзік білек.
Жеке бас қасиеттері: эмоционалды, көпшілік ортаның сәні, адамдармен тіл табыса біледі.
Жұлдызшылардан кеңес: Бәрі бірден болмайды, шыдамды бол. Ауқымды істерді бөлімдерге бөліп, біртіндеп атқар.
СЕНБІ
Түсі: қоңыр
Нумерологиялық саны: 1
Талисман тасы: хризолит
Физикалық артықшылықтары: тіп-тік мүсін, ұзын, түзу аяқ.
Жеке бас қасиеттері: еңбекқор, шын қуана біледі, шыдамды, батыл.
Жұлдызшылардан кеңес: Ең алдымен өзіңді сүй, сүйіктің мен сені сүйетін жанды сосын барып ізде.
ЖЕКСЕНБІ
Түсі: жирен сары
Нумерологиялық саны: 5
Талисман тасы: топаз
Физикалық артықшылықтары: аяқ-қолы балғадай, батыл көзқарас.
Жеке бас қасиеттері: сезімтал, адамдарға әсер ете алады, әсершіл, әңгімешіл.
Жұлдызшылардан кеңес: Эмоцияларыңызды сезініп, ажыратып, оны басқаларға жеткізе білуді үйрену керек.
Аударған: А.Бектұрғанова,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: