ДЕПРЕССИЯ: туған айыңыздың әсері бар ма?

0
190

Кейде тіпті туған күннің өзі адамның қиындықтарды қалай қабылдайтынына немесе күнделікті жағдайларға қалай жауап беретініне әсер етуі мүмкін.


ДЕПРЕССИЯ: туған айыңыздың әсері бар ма?

Сурет: https: i.pinimg.com

Адамның мінезі мен психикасындағы барлық ерекшеліктерді тек үйреншікті себептермен түсіндіру мүмкін емес. Кейде тіпті туған күннің өзі адамның қиындықтарды қалай қабылдайтынына немесе күнделікті жағдайларға қалай жауап беретініне әсер етуі мүмкін.

Төменде ғылыми зерттеудегі тұжырымдарға, нейробиологияға және маусымдық факторларға сүйенген аналитикалық болжам берілген, танысып көріңіз.


Қаңтар

Қаңтарда туған адамдар көбіне ішкі эмоцияларын бақылауға бейім келеді. Қыс мезгілінде құрсақтағы даму кезінде ми эмоцияны реттейтін аймақтарды белсендірек қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан депрессияға бейімділік төмен немесе орташа, бірақ сезімді іште сақтау салдарынан жасырын күйзеліс болуы ықтимал.


Ақпан

Ақпанда туғандарда психологиялық икемділік жиі байқалады. Жарықтың біртіндеп артуы жүйке жүйесінің бейімделу қабілетін күшейтуі мүмкін. Депрессияға бейімділік әдетте орташа деңгейде, алайда ұзақ стресс кезінде шаршау жылдам жиналуы мүмкін.


Наурыз

Наурызда туған адамдар эмоционалдық ауысуларға сезімтал келеді. Көктемгі биологиялық өзгерістер жүйке жүйесінің тұрақсыздығын арттыруы ықтимал. Сол себепті оларда депрессияға бейімділік орташа, кейде маусымдық күйзеліс түрінде көрінуі мүмкін.


Сәуір

Сәуірде туғандарда оптимизм мен сыртқы ортаға ашықтық жиі байқалады. Жүктілік кезеңіндегі жарық пен серотонин деңгейінің артуы ми дамуына оң әсер етуі мүмкін. Бұл айда туғандардың депрессияға бейімділігі төмен, алайда әлеуметтік күйзелістер әсер еткенде ғана уақытша төмен көңіл күй байқалады.


Мамыр

Мамыр айында туған адамдар эмоционалдық тепе-теңдікке бейім келеді. Табиғи ырғақтар мен гормоналды фонның тұрақтануы психикалық төзімділікті күшейтуі ықтимал. Сондықтан депрессияға бейімділік ең төмен деңгейлердің бірі, бірақ шамадан тыс жауапкершілік алғанда күйіп кету қаупі бар.


Маусым

Маусымда туған, әсіресе ер адамдар, эмоцияны терең сезінгенімен, оны өңдеу қиындау болуы мүмкін. Жүктілік кезеңіндегі жоғары күн сәулесі мен D дәрумені нейрондық байланыстардың ерекше қалыптасуына әсер етуі ықтимал. Депрессияға бейімділік жоғары, көбіне эмоционалдық шаршау мен босап қалу арқылы байқалады.


Шілде

Шілдеде туғандарда эмоциялық реакциялар қарқынды, бірақ тұрақсыз болуы мүмкін. Олар сырттай белсенді көрінгенімен, ішкі күйзелісті ұзақ уақыт жинақтауға бейім. Депрессияға бейімділік жоғары, әсіресе созылмалы стресс жағдайында.


Тамыз

Тамызда туған адамдарда эмоциялық сезімталдық пен өзіне қатаңдық қатар жүреді. Жаз соңындағы биологиялық өзгерістер жүйке жүйесінің бейімделуін күрделендіруі мүмкін. Сондықтан депрессия белгілері жасырын түрде дамып, кеш байқалуы ықтимал.


Қыркүйек

Қыркүйекте туғандарда логикалық ойлау мен эмоцияны бақылау қабілеті жақсы дамыған болуы мүмкін. Күзгі мезгілі ми құрылымдарының үйлесімді қалыптасуына ықпал етеді деген болжам бар. Депрессияға бейімділік төмен немесе орташа, көбіне сыртқы факторларға тәуелді.


Қазан

Қазанда туған адамдар психологиялық тұрғыдан төзімді келеді. Эмоцияны қабылдау және өңдеу аймақтарының белсенділігі жоғары болуы ықтимал. Бұл оларды күйзеліс пен депрессиядан салыстырмалы түрде жақсы қорғайды.


Қараша

Қарашада туғандарда ойшылдық пен өзін-өзі талдау басым болуы мүмкін. Күннің қысқаруы мен жарық тапшылығы маусымдық көңіл күй ауытқуын күшейтеді. Депрессияға бейімділік орташа, көбіне маусымдық сипатта.


Желтоқсан

Желтоқсанда туған адамдар ерте жастан психологиялық төзімділік қалыптастыруы мүмкін. Қысқы биологиялық жағдайлар жүйке жүйесін «шынықтырады» деген гипотеза бар. Сондықтан депрессияға бейімділік орташа немесе төмен, бірақ эмоционалдық оқшаулану қаупі сақталады.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Есіміңіздің ТҮСІ мен ЭНЕРГИЯСЫ қандай екенін білесіз бе?