​ҚАЙ жерде, НЕ нәрседен ЖОЛЫҢЫЗ БОЛАТЫНЫН болжамнан біліңіз

0
1 110

Отбасы мен махаббатта жолы болғыш белгілер кімдер?


​ҚАЙ жерде, НЕ нәрседен ЖОЛЫҢЫЗ БОЛАТЫНЫН болжамнан біліңіз


ТОҚТЫ

Көп жерде жолы болғышсыз. Тек ұсақ-түйек болғасын бағалай бермейсіз. Күтпеген жерден сыйлық алу, жеңілдікке ие болу, көптен кимеген киімнің қалтасынан ұмыт қалған ақша тауып алу, т.с.с. Мұндай тосынсыйлар ұсақ-түйекпен шектеледі. Ауқымды дүниелерде сәттілікке сенбей, керегіңізге өз күшіңізбен ұмтылғаныңыз дұрыс.


ТОРПАҚ

Жеке өмірде, махабатта жолыңыз болғыш. Себебі табиғат асқан сезімталдық, тартымдылық сыйлаған. Өмірлік жар жетінде де адал, сенімді жан жолығады.


ЕГІЗДЕР

Айналаңызда шынайы, адал достарыңыз өте көп. Жаңа танысқан жандардың көбі аз уақытта жанашыр жолдасыңызға айналып үлгереді. Осы жағынан жолыңыз болған.


ШАЯН

Отбасылық қарым-қатынасыңыз өзгелердікі сияқты шым-шытырық, күрделі емес. Көбімен салыстырғанда әлдеқайда жайлы, жылы. Сондықтан, өмірлік жар таңдауда жолым болды, жаратушы маған ең жақсы перзенттерді нәсіп етті деп есептей беріңіз.


АРЫСТАН

Махаббат пен жеке өмірде жолы болғыштардың қатарына қосуға болады. Сеебі бойдақ кезіңізде де өзгелердің көңіліне, сезіміне тойып жүрдіңіз. Отбасылы болғанда да жұбайыңыздың ерекше ыстық ықыласына иесіз.


БИКЕШ

Білім алу, даму жолындағы кез келген әрекетіңіз сәттілікпен ұштаса кетеді, нәтижелі болады. Туа бітті қабілет-қарымыңыз бен ұмтылыс-талпынысыңыздың арқасында көп жетістікке жетіп, жолы болғыш, бағы мен бабы қатар шапқандар қатарын толықтырасыз.

ТАРАЗЫ

Қарым-қатынаста жолы болғыш жансыз. Ол отбасына да, махаббатқа да, достар, әріптестер, т.с.с. бәріне қатысты. Кіммен қандай мақсатта қарым-қатынасқа түссеңіз де, жолыңыздың болғыштығы іске қосылып, оңай тіл табысып кетесіздер.


САРЫШАЯН

Қаржылық мәселелерде айыңыз жиі оңыңыздан туады. Соның арқасында қаржылық дағдарыс, шығынға бату, қарызға кіру сияқты қиын жағдайларға түсіп қалмайсыз.


МЕРГЕН

Жолыңыздың болғыштығы сонша, кез келген жағдай ақыр соңында сіздің пайдаңызға қарай шешіледі. Сондықтан қандай қиын сәтте де салыңызды суға кетірмеңіз. Сіз мүлде күтпеген, үмітіңізді түбегейлі үзген кезде аяқ астынан бәрі бір демде өзгеріп шыға келуі әбден мүмкін.


ТАУЕШКІ

Мамандық таңдауда жолыңыз болғышсыз. Сондықтан, көңіліңіз қандай іспен айналысуды қаласа да, қорықпай қолға алыңыз. Кәсібіңізді өзгертіп, өзіңізді басқа салада сынап көргіңіз келсе, жүрексінбей бастай беріңіз. Ішкі үніңіз бен сәттілік сізді алдамайды.


СУҚҰЙҒЫШ

Сіздің сәттілігіңіздің кілті тәуекел етуде жатыр. Соқыр тәуекелге бас тігіп, бәрін жаратушыға тапсырған уақытта «жолы болғыштық» құбылысы іске қосылады.


БАЛЫҚТАР

Жер бетіндегі ең бақытты жандардың бірісіз. Өйткені, сіздің кез келген қалауыңызды орындауға әзір тұрған «сәттілік» атты серігіңіз бар. Ол сізді күтеді, сіз тек арманыңызды айқындап, әлемге білдірсеңіз болғаны. Осы жағынан жолыңыз болған.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Қай МІНЕЗіңізден көбірек ЗИЯН шегетініңізді білесіз бе?