​ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСтың ережелерін ЖҰЛДЫЗ БЕЛГІСІНЕ қарай құрыңыз

0
230

Әр адамның махаббат тілі бірдей емес, қарым-қатынастан күтетін дүниелері әртүрлі


​ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСтың ережелерін ЖҰЛДЫЗ БЕЛГІСІНЕ қарай құрыңыз

Сурет: ЖИ

Неліктен бір адам үшін бірге уақыт өткізу маңызды болса, енді бірі күтпеген сыйлыққа ерекше қуанады? Неге кейбір адамдарға адалдық бәрінен қымбат, ал басқалары өз пікірінің құрметтелгенін қалайды?

Психологтар мұны адамның мінезімен және махаббат тілінің ерекшелігімен байланыстырады. Ал астрологияға қызығатындар жұлдыз белгілерінің де әсері бар деп есептейді. Әрине, қарым-қатынастың беріктігі тек жұлдыз жорамалымен анықталмайды. Дегенмен кейбір астрологиялық сипаттамалар серіктесіңіздің көңілін жақсырақ түсінуге көмектесуі мүмкін.

Әр адамның қарым-қатынастан күтетін дүниелері әртүрлі болатыны анық. Біреуге адалдық маңызды болса, енді біріне уақыт бөлу немесе тосынсый жасау қымбат. Сондықтан ұзақ әрі бақытты қарым-қатынастың басты құпиясы – серіктесіңізді тыңдап, оның қажеттіліктерін түсінуге тырысу. Төменде әр жұлдыз белгісімен тіл табысудың бейресми «алтын ережелері» ұсынылған.


Тоқты – тосынсый жасауды ұмытпаңыз

Тоқтылар жаңашылдықты жақсы көреді. Күтпеген кездесу, шағын сыйлық немесе ерекше кеш ұйымдастыру олардың көңілін көтеріп, қарым-қатынасқа жаңа леп береді.


Торпақ – шағын қуаныштарды бағалайды

Торпақтарға қымбат сыйлықтың қажеті жоқ. Дәмді кешкі ас, сүйікті гүл немесе күтпеген жылы сөздің өзі олар үшін үлкен қуаныш болуы мүмкін.


Егіздер – қызықты әңгімелесуші болыңыз

Егіздермен қарым-қатынаста ең бастысы – рухани жақындық. Олармен бірге жаңа нәрселерді талқылап, әзілдесіп, өмірге бір көзқараспен қарай білсеңіз, арадағы байланыс нығая түседі.


Шаян – көңіл бөлуді қажет етеді

Шаяндар отбасы мен жақын адамдарын бірінші орынға қояды. Олар үшін ең үлкен сыйлық – серіктесінің уақыт бөліп, шынайы қамқорлық көрсетуі.


Арыстан – бір толқында болуға тырысыңыз

Арыстандар өзін түсінетін және қолдайтын серіктесті бағалайды. Олар үшін бірге күлу, ортақ мақсат құру және бір-бірінің жетістігіне қуану маңызды.


Бикеш – қызғанышқа себеп бермеңіз

Бикештер сенімді қарым-қатынасты қалайды. Басқа адамдармен орынсыз қалжың немесе жеңіл флирт олардың көңіліне күдік ұялатуы мүмкін.


Таразы – адалдықты іспен дәлелдеп жүріңіз

Таразылар үйлесімді қарым-қатынасты жақсы көреді. Олар үшін серіктесінің өзгелермен шектен тыс жақын араласуы сенімге сызат түсіруі мүмкін.


Сарышаян – оның көзқарасын жоққа шығармаңыз

Сарышаяндар өз пікірін оңай өзгертпейді. Олар үшін ең маңыздысы – өз ойын ашық айтуға мүмкіндік берілуі және серіктесінің оны сыйлай білуі.


Мерген – бірге көбірек уақыт өткізіңіз

Мергендер қызықты әңгіме мен ортақ әсерлерді жақсы көреді. Бірге саяхаттау, серуендеу немесе жаңа істермен айналысу олардың қарым-қатынасын нығайта түседі.


Тауешкі – пікіріне құрмет көрсетіңіз

Тауешкілер өз еңбегі мен тәжірибесін бағалайды. Олармен келіспеу қалыпты жағдай, бірақ ойын мен шешімін құрметпен тыңдау олардың көңілінен шығады.


Суқұйғыш – сенімге селкеу түсірмеңіз

Суқұйғыштар еркіндікті жақсы көргенімен, сатқындықты кешіруі қиын. Олар серіктесінің адалдығын жоғары бағалайды және өздері де сенімге негізделген қарым-қатынасты қалайды.


Балықтар – адалдықты бәрінен жоғары қояды

Балықтар өте сезімтал әрі романтик келеді. Олар үшін сенім – қарым-қатынастың негізі. Егер серіктесі әрдайым шынайы болып, уәдесінде тұрса, Балықтар өзін қауіпсіз әрі бақытты сезінеді.

Аударған: Ханбибі ОРАЛ,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Ең «бетпақ» белгі иелері кімдер?
Үйде ЖАТТЫҒУҒА арналған ТОП-5 қосымша